Қазіргі уақытта біз электромонтаж қызметтерін көрсететін жұмыс істеп тұрған бизнеспен айналысамыз. Түрлі ірі нысандарды немесе жеке тапсырыстарды қабылдаймыз. Өз командамыз бар. Нарықта 5 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеміз.
Бизнесті кеңейткіміз келеді. Мақсатымыз – электромонтаж қызметтерін кешенді түрде көрсететін, жұмыс сапасына ресми кепілдік беретін, тегін кеңестер (нысанға барып көру) сияқты қызметтерді ұсынатын толыққанды компания құру.
Қойған мақсатымыз – 12-18 ай ішінде салынған қаражатты ақтап, айына таза 6-10 млн теңге табысқа жету. Әрі қарай бизнесті кеңейтіп, жаңа деңгейге шығу, басқа қалаларда бөлімшелер ашу, дизайн компанияларымен ынтымақтастық орнату және т.б. жоспарда бар.
Бизнес-жоспарымыз бар, толық талқылауға болады.