Құпиялылық саясаты

Осы Келісімге қосыла отырып және allmoney.kz Сайтында (бұдан әрі – Сайт) деректерін онлайн-өтінім өрістерін толтыру арқылы қалдыра отырып, Пайдаланушы:

  • өзі көрсеткен барлық деректердің жеке өзіне тиесілі екенін растайды,
  • Келісімді және онлайн-өтінім өрістерінде өзі көрсететін дербес деректерін өңдеу шарттарын толық көлемде мұқият оқып шыққанын, келісім мәтіні мен дербес деректерді өңдеу шарттарының өзіне түсінікті екенін растайды және мойындайды;
  • өзі мен Сайт арасында осы Келісімді жасасу, сондай-ақ оның кейіннен орындалуы мақсатында ақпарат құрамында ұсынылатын дербес деректерді Сайттың өңдеуіне келісім береді;
  • дербес деректерді өңдеу шарттарымен ешқандай ескертпелерсіз және шектеулерсіз келісетінін білдіреді.

Пайдаланушы өзінің дербес деректерін өңдеуге, атап айтқанда, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V Заңында (бұдан әрі – Заң) көзделген әрекеттерді жасауға келісімін береді және осындай келісімді бере отырып, өзінің ерікті түрде, өз қалауымен және өз мүддесі үшін әрекет ететінін растайды. Пайдаланушының дербес деректерді өңдеуге берген келісімі нақты, хабардар етілген және саналы болып табылады. Пайдаланушының осы келісімі келесі дербес деректерді өңдеуге қарапайым жазбаша нысанда берілген деп танылады: тегі, аты, әкесінің аты (бар болса); туған жылы; тұрғылықты жері (қала, облыс); телефон нөмірлері; электрондық пошта мекенжайлары (E-mail). Пайдаланушы allmoney.kz сайтына дербес деректермен келесі әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыру құқығын береді: жинау және жинақтау; нормативтік құжаттарда белгіленген есептілікті сақтау мерзімдері ішінде, бірақ Пайдаланушы қызметтерді пайдалануды тоқтатқан сәттен бастап кемінде үш жыл сақтау; нақтылау (жаңарту, өзгерту); пайдалану; жою; иесіздендіру; сот талабы бойынша, соның ішінде үшінші тұлғаларға, дербес деректерді рұқсатсыз қол жеткізуден қорғауды қамтамасыз ететін шараларды сақтай отырып беру. Аталған келісім деректер ұсынылған сәттен бастап мерзімсіз әрекет етеді және Сіз Заңның 15-бабында айқындалған деректерді көрсете отырып, сайт әкімшілігіне өтініш беру арқылы оны кері қайтарып ала аласыз. Дербес деректерді өңдеуге берілген келісімді кері қайтарып алу Пайдаланушының allmoney.kz сайтында көрсетілген электрондық пошта мекенжайына қарапайым жазбаша нысанда тиісті өтінішін жіберу арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Сайт Пайдаланушы Сайтта орналастырған Ақпаратты (оның барлық мүмкін тәсілдермен жүзеге асырылған көшірмесін жасау мен таратуды қоса алғанда) үшінші тұлғалардың пайдалануы (заңды да, заңсыз да) үшін жауапты болмайды. Сайт осы Келісімге өзгерістер енгізуге құқылы. Өзекті редакцияға өзгерістер енгізілген кезде соңғы жаңартылған күні көрсетіледі. Келісімнің жаңа редакциясы, егер Келісімнің жаңа редакциясында өзгеше көзделмесе, ол орналастырылған сәттен бастап күшіне енеді. Осы Келісімге және Пайдаланушы мен Сайт арасында Келісімді қолдануға байланысты туындайтын қатынастарға Қазақстан Республикасының құқығы қолданылуға жатады.

Өтінімді жіберу
Сіздің атыңыз*
E-mail мекенжайы*
Сіздің телефоныңыз*
Кіру
Пошта
Құпиясөз
Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?
Пошта